Министрлік қызметкерлеріне қатысты тергеу жүріп жатыр
Экология және табиғи ресурстар министрлігінің қызметкерлеріне қатысты тергеу жүріп жатыр.
Бұл ақпаратты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі растады. Бұған дейін ведомствода «Климаттың өзгеруі жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымының негіздемелік конвенциясы тараптарының 28-ші конференциясын» өткізуге жұмсалған шығыстарға ішкі аудит жүргізілген. Нәтижелері сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке жіберілді. Осыған байланысты, бүгін бейінді департаменттің жедел тергеу тобы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің вице-министрі Мансұр Ошурбаевтың қызметтік үй-жайындағы құжаттарын тәркіледі. Министрлік мәліметінше, бүгін вице-министр жұмыс орнында болмаған.