Өскемен қаласында екі мыңнан аса шам жанбай тұр

Шығыс Қазақстан облысының орталығы – Өскемен қаласында екі мыңнан аса шам жанбай тұр.

Облыс әкімі қала басшылығының бейқамдығын сынға алып, көшелерді жарықтандыру мәселесін шешуге бір апта уақыт берді. Ал жанбай қалған шамдар кезінде Тайваньнан 3 млрд теңгеге сатып алынған. Істен шыққан жабдықтарды енді мердігер ұйым мен аймақтық мемлекеттік-жекеменшік әріптестік орталығы қалпына келтіруі тиіс. Бұдан бөлек Өскеменде тағы екі жарым мың шам мен электр бағаны жаңартылады. Өйткені, қаланың ескі жағындағы желілердің тартылғанына 60 жылдан аса уақыт өткен.

Ренат Бутожанов, көшелерді жарықтандыру жүйесін модернизациялау жобасының жетекшісі:

- Бәрі кепілдік мерзімі аясында қалпына келтіріледі. Сонымен қатар оларды жөндеу үшін қызмет көрсету орталығы құрылады.