Жолдарды отандық мердігерлер салуы тиіс

24.kz

Ел үшін айрықша маңызды жолдарды отандық мердігерлер салуы тиіс.

Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында осылай деді. Әсіресе жоғары санатты жол құрылысындағы тендерді шетелдік мердігерлер ұтып алып, кейін сиырқұйымшаққа салып жіберіп жататыны аян. Мысалы, «Астана - Балқаш - Алматы» тас жолы әлі күнге дейін жөнделіп біткен жоқ. Құрылысы 2017 жылы басталған. Республикалық маңызы бар «Атырау - Астрахань», «Ақтөбе - Қандыағаш», «Талдықорған - Өскемен» жолдарының жөнделіп жатқанына 5 жылдан асты, - деді Президент. Сондықтан мұндай жобаларға қолынан іс келетін, тиісті техникамен жабдықталған өз кәсіпорындарымызды тарту керек.

БЛИЦ:

- Біздің жергілікті мердігерлер салған дұрыс қой. Ертең ақау болса оларды да жауапқа тартатындай. Шетелдіктер келед-кетеді, оны ешкім тексеріп те жатқан жоқ.

- Қазақстанда жолды жасағанды біз көріп жүрміз ғой. Ол дұрыс, кім жасаса да бақылау болу керек, менің түсінігім солай.

- Өте дұрыс айтады, өзіміздің адамдар салса кімнен сұрарыңды білесің ғой. Қанша жыл болды, Балқаш - Алматы жолында қаншама өлім-жітім болып жатыр, қаншама халық қырылып жатыр. Ешкімнің шаруасы жоқ. Ал оны кімнен сұрайды? Сондықтан дұрыс айтады.