Қазақстанда 2 қылмыстық топ ұсталды
Алматыда қылмыстық топ кәсіпкерлерді бопсалап келген, деп хабарлайды 24KZ.
Ішкі істер министрлігі мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері 14 адамды қолға түсірді. Олардан 7 атыс және травматикалық қару, 4 жарылғыш зат, 200-ден астам оқ-дәрі және есірткі тәркіленді. Сонымен қатар Степногорск қаласында дәл осындай тағы бір қылмыстық топ ұсталды. Олар жергілікті тұрғындарды бопсалаумен айналысқан. Қазір 2 бірдей қылмыстық топқа қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Қуандық Алпыс, ҚР ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің басқарма бастығы:
- Қылмыстық топтың барлық мүшелері ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Жыл басынан бері ұйымдасқан қылмыстық топ құру, оған басшылық ету және қатысу бойынша 15 факті анықталып, тіркелді. Әртүрлі қылмыстар жасағаны үшін қылмыстық топтардың 30-дан астам жетекшісі мен белсенді мүшелері ұсталды.