Алматы облысының тау бөктерінде қар көшкіні жүрді

Бүгін Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы аумағындағы тау бөктерінде қар көшкіні жүрді.

200 текше метрдей қар «Түрген-Батан» автожолының 24 шақырымын жауып тастады. Зардап шеккендер жоқ. Сол маңдағы ғимараттарға да зақым келмеді. Жолды тазалау жұмысы басталды. Бұл мезгілде таулы аймақта көшкін жиі болады. Төтенше жағдай қызметі тауға шықпау керектігін қатаң ескертеді.