Жамбыл облысына 40 жедел жәрдем көлігі берілді
Жамбыл облысының медициналық мекемелері 40 жаңа көлікпен толықты, деп хабарлайды 24KZ.
Техниканың дені аудандық ауруханаларға жол тартады.
Жалпы облыста 235 жедел жәрдем көлігі болса, жартысына жуығы ескі. Тіпті кейбір елді мекендерде жетіспейді. Жергілікті билік жыл соңына дейін тағы 30 жаңа көлікті табыстауды жоспарлап отыр.
Жанар Оспанова, денсаулық сақтау басқармасының басшысы:
- Бұл біздің медициналық қызметтің сапасын жорғарылатуға үлкен әсерін тизігеді және халқымыздың денсаулығын қорғауға жақсы әсерін тигізеді. Шұғыл жағдайларда өлім қаупінен сақтап қалуға да оң мәнін тигізеді деген ниетіміз бар.