ШҚО-да жедел респираторлы вирустық инфекция өршіп тұр
Шығыс Қазақстан облысында тұмау тигендер мен жедел респираторлық вирустық инфекция жұқтырғандар көбейді.
Қыс басталғалы 160 мың адам ауырған. "Бұл былтырғымен салыстырғанда екі есе көп", - дейді дәрігерлер. Әсіресе балалар арасында жиілеп кеткен. Денсаулық сақтау басқармасы басшыларының айтуынша, ауру тарайтын кезең басталған кезде 75 мың доза вакцина алынған. Екпе алдымен балаларға, диспансерлік есепте тұрғандар мен медицина қызметкерлеріне салынған.
Иван Мещеряков, Облыстық денсаулық сақтау басқармасының бас иммунологы:
- Денсаулық сақтау басқармасы тарапынан алғашқы медициналық санитарлық көмек қызметін ұйымдастыруға баса назар аударып отырмыз. Бұл суық тиіп не тұмауратып келген адам терапевт, педиатр сынды мамандардан жедел түрде көмек алады деген сөз. Демалыс күні де солай болуы керек. Қазір қабылдау бөлімдерінде жұмыс қарбалас.