Жас ғалымдар кеңесі құрылды
Президент жанындағы Ұлттық ғылым академиясында алғаш рет жас ғалымдар кеңесі құрылды.
Оған 23 адам мүше. Олар академияның сараптамалық-зерттеу жұмысына, ғылымды дамыту ісіне атсалысып, ғылым жөніндегі ұлттық баяндаманы әзірлеуге қатысады. Сонымен қатар жас зерттеушілердің құқығын қорғайтын заңгер-омбудсмен лауазымы енгізілді. Жалпы елімізде 813 дарынды жас ғылыммен айналысады. Академияның мәліметінше, қазір елде ғалымдардың жалпы саны 22 мыңнан асады.
Ақылбек Күрішбаев, ҚР ҰҒА президенті:
- Жас ғалымдармен жаңа форматта жұмыс істеу, жас ғалымдардың кеңесін құру. Бұл кеңес Қазақстан бойынша жас ғалымдардың басын біріктіру. Бұл академияның жаңа старатегиясының жас таланттарды ғылыми ортаға тартудың бір бөлігі болады.