Психотроптық заттар бар вейптер анықталды
Құрамында есірткі бар вейптер анықталды.
Психотроптық заттар қосылған электронды темекі партиясы «Жетісу» кеден бекетінен табылды. 8 салынған пошта жөнелтілімдері анықталды. Заңсыз өнімдер АҚШ-тан Қазақстанға халықаралық поштамен келген. Күмәнді сәлемдемелерді мемлекеттік шекарадан өткізбек болған деген күдікпен екі адам ұсталды.
Әлібек Әбділов, ҚР ҚМА ресми өкілі:
- «Жетісу» кеден бекетінің аймағында психотроптық зат бар 84 дана электронды темекі салынған пошта жөнелтілімдері анықталды. Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде тағы 103 дана электронды темекі және иісі бар қоңыр түсті сұйықтық құйылған 42 клиромайзер табылып, тәркіленді. Тергеу мүддесіндегі өзге мәліметтер жария етілуге жатпайды.