Абай облысында 38 елді мекенді су басу қаупі бар

Мамандар тоңның қалыңдығы мен ылғал мөлшеріне қарап биылғы тасқын қаупінің жоғары болатынын айтады.

Тасқынға қарсы іс-шараға 1 мың 200 адам мен 500-дей техника дайындалды. Сондай-ақ Ертіс өзеніндегі мұзды жару жоспарланып отыр. Оқыс жағдайға жедел әрекет ететін арнайы топ жасақталып, су басу қаупі басым аудандарға жіберілді.

Азамат Орымбаев, Облыстық ТЖД басшысының орынбасары:

- Төтенше жағдайлар департаменті толығымен дайын, жаңағыдай су тасқыны кезіндегі төтенше жағдайлардың алдын алу және жою, бүкіл жеке құрам керекті жарақтардың барлығымен қамтылған. Ақсуат ауданына арнайы топ жіберіледі, мына ауа райына байланысты, осы аптада күндізгі температура жоғарылайды, соған  байланысты ертерек сол топты жіберіп отырмыз.