Ұстаздық етіп жүрген аналар марапатталды
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев көпбалалы мұғалім-аналарды келе жатқан халықаралық әйелдер күнімен құттықтады.
Отбасыларына амандық және жеке бастарына шығармашылық табыс тілеген министр сала үздіктерін Ыбырай Алтынсарин төсбелгісімен марапаттады. Айта кеткен жөн, еліміздің білім беру саласында 470 мыңға жуық қыз-келіншек жұмыс істейді
Майра Шайхиева, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі:
- Бүгінгі күн біздер үшін ерекше күн. Бақытты әрі сәтті күн. Ең бірінші Оқу-ағарту министрі Ғани Бектайұлына алғысымыз шексіз. 8-наурыз мерекесіне орай, педагог-шеберлерді, көпбалалы аналардың бастарын қосып, ұлықтап жатыр. «Ыбырай Алтынсарин медалін» алу әр ұстаздың арманы ғой. Сол асыл арманымыз бүгінгі күні орындалып жатыр.