Елде рұқсатсыз төгілген қоқыс үйіндісі азаяр емес
Елде қоқыстың басым бөлігі жер астына көміліп жатыр.
Жиналған қалдықтардың 24 пайызы ғана сұрыпталып, қайта өңделеді. Мысалы, былтыр 4,1 млн тонна коммуналдық қалдық жиналса, соның 1 млн тоннасы ғана кәдеге жарады. Оның үстіне рұқсатсыз төгілген қоқыс үйіндісі де азаяр емес. Былтыр 5 мыңнан аса заңсыз полигон табылған. Осыған байланысты Үкімет қоқыс таситын көліктерді сатып алуға, сұрыптау желілерін және қайта өңдеу қуаттарын салуға бағытталған жобаларға жеңілдетілген несие беруді бастады. Алдағы уақытта 45 жоба іске асырылады деп жоспарланған. Атап айтсақ, 37 жаңа зауыт салынып, 8 зауыт қайта жаңғыртылады. Нәтижесінде қалдықтарды қайта өңдеу көлемін жылына 1 жарым млн тоннаға дейін жеткізуге мүмкіндік туады.