Ұлтты ұйыстырған құрылтай
Атырауда Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысы өтіп жатыр.
Кеше келелі кеңестің мүшелері 4 сессияда басқосты. Онда қатысушылар мәдениет пен руханият мәселесі, азаматтық қоғам, білім-ғылым және әлеуметтік салалардағы түйіткілдерді тарқату тетіктерін талқылады. Кесекті сөз, сүбелі ой айтылды. Негізгі отырыс бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өтеді. Қордаланған мәселелердің шешімі мен тың бастамалар осы үлкен жиында айтылады. Дала демократиясының бүгінгі үлгісіне айналған кеңестен күтеріміз көп.