Ақмола облысында Наурызға орай 5 мыңнан астам шара өтеді

Ақмола облысында ұлыстың Ұлы күніне орай 5 мыңнан астам шара өтеді.

Оның ішінде өнер фестивалі, мерекелік кештер, шығармашылық байқаулар мен экологиялық акциялар бар. Аймақтағы білім ошақтары да Наурыз мейрамын кең көлемде тойлап жатыр. Мысалы Көкшетаудағы 9-шы мектепте «Армысың, әз-Наурыз» атты мерекелік шара өтті. Білім ошағының алдына киіз үйлер тігіліп, ұлттық спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылды. Оқушылар айтыс өнерінде бақ сынап, жұртшылық назарына ұлттық киімдер көрмесі ұсынылды.

Амантай Шәйхан, қала тұрғыны:

- Бүгінгі шара өте жоғары деңгейде өтіп жатыр. Ұлттық құндылығымызды насихаттап,  әсіресе арқан тартыс, қол күрес өте жақсы өтуде. Мына оқушыларға өте пайдалы ойындар ойнатылып жатыр. Осы ұлыстың ұлы күнгі мерекелеріңізбен құттықтаймын. Отбасыларыңызға амандық, денге саулық берсін. Ұлыс оң болсын.

Тілеген Амангелді, мектеп директоры:

- Осы микрорайонда жалғыз мектеп ашылды. Оған дейін мүлдем жоқ болатын. Содан осы жерге бәрін жинайық деп, мектебіміз тек оқушылардың орталығы емес барлық ата-аналардың орталығы болсын деп өзімізге мақсат қойдық. Соның барлығы келіп, бірлігіміз жарасып, іс-шарамыз жақсы өтіп жатыр.