Ұлт аспаптар әлеміне саяхат
Елордада мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күніне орай «Ұлт аспаптар әлеміне саяхат» атты шеберлік сағаты өтті.
Концертте «Сарыарқа» халық музыкалық ансамблі өнер көрсетті. Қазақтың дәстүрлі музыка өнерін дәріптеген шараға қала мектептерінің оқушылары қатысты. Лекция концертте Қарагөз Гасимованың «Аңыз дала» шығармасы, Тайыр Белгібайұлының «Ақарал», Тоғжан Жахиннің «Сарын» күйлері орындалды. Балалар қазақтың қара домбырасынан бөлек, нарқобыз, қылқобыз, жетіген, сыбызғы, сазсырнай, адырна сынды аспаптар туралы құнды мәлімет алды.
Тоғжан Жахин, «Сарыарқа» халық музыкалық ансамблінің көркемдік жетекшісі:
- Интерактивтік лекция-концерт. Бұл балалардың қатысуымен балаларға концерт беру және аспаптар туралы айту, өздеріне аспаптарды ұстап, ойнап көруге мүмкіндік беру балаларға. Балалардың назары 30-40 минуттан жоғары кетпейді. Олар үлкендер сияқты бір жарым сағат концерт тыңдай алмайды. Балаларға байланысты бұл жобаны арнайы жасадық осылай. Қысқа 30-40 минуттық қылып.
Ерлан Дәкенов, Е. Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармонияның бас директоры:
- Мәдениетіміз, ұлтымыздың өнерлігін кішкентай бөбектерден қалыптастыруымыз керек. Мәдениет ұлттың тірегі, болмысы, жүрегі дейді. Сондықтан кішкентай болсын біздің қазақтың ұлттық аспаптары өздеріңіз көргендей мектеп оқушыларына, 2жылдан астам мектептермен тығыз байланыс жүргізіп жатырмыз.