Ынтымағы жарасқан Қазақстан

Бүгін – Ынтымақ күні. Қазақ пен 100-ден аса ұлысқа мекен болған еліміздің ынтымағы берік, бірлігі мығым.

Отыз жылдан аса уақыт бір ананың баласындай түрлі этнос өкілдері тату өмір сүріп жатыр.

Қазір халық саны 20 милиондай болса, оның 70 пайыздан астамы қазақ. Қалғаны түрлі этносқа жатады. Мәселен, орыс - 15, өзбек - 3, украйн - 2 пайыз. Сондай-ақ, татар, әзербайжан, корей мен басқа халықтардың өкілдері бір пайыздан асады. Бұл тұста Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлі зор. Кеше ғана ұйымның отыз үшінші сессиясы шақырылды. Жиын елордада сәуірдің 24-і мен 25-і күндері өтеді.  Биылғы тақырып -  «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу». Мемлекет басшысы арнайы өкімге қол қойды. 

Наталья Дементьева, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Елімізде әр түрлі этнос өкілдеріне олардың тілін дамытуға, олардың дінін сақтауға, олардың мәдениетін әрі қарай дамытуға барлық жағдай жасылған. Бізде ешбір этнос өкіліне ешқандай қысым жасамайды. Өйткені біздің саясатымыз, ел саясаты осыны қалыптастырған. Отыздан аса жыл тәуелсіздігімізге жыл болды, осы тәуелсіздік жылдарында біз жақсы достық мәдени елге айналдық.

Қазақстан – тоталитарлық жүйе тағдыр тәлкегіне салған талайлардың екінші Отанына айналған мекен. Алғаш болып Жапон соғысы тұсында кеңес шекарасын жайлай қоныстанған корей халқы елімізге қадам басты. Артынша, немістерді де күштеп осында жер аударды. Сол уақыттардан бері түрлі себеппен Қазақстаннан пана тапқан этнос көп. Арада бірнеше буын алмасты. Қазір ауып келген халық бір-бірімен біте қайнасып, бірігіп кетті.