Жалған шот-фактура берумен айналысқан адам сотталды

Астанада жалған шот-фактураларды жазып берумен айналысқан азамат сотталды.

Ол 1 млрд теңгеден астам сомаға, қызмет көрсету мен тауар жөнелтуді жүзеге асырмай, жалған шот-фактураларды әзірлеген. Қазір келтірілген шығын көлемі анықталып, сотқа дейінгі тергеу жұмыстары аяқталды. 

Әлібек Әбділов, ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі: 

- Ұйымдастырушы 2021 жылдың желтоқсан айынан бастап 2022 жылдың маусым айына дейінгі аралықта Астана қаласында бір топ тұлғалармен алдын ала сөз байласу арқылы "Каз Монтаж Энерджи" ЖШС атынан "ТазалыкЭксперт" ЖШС және "Bertys Construction" ЖШС-не іс жүзінде қызмет көрсетпестен шот-фактуралар жазып берген. Сот оны 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айырды.