Қобда ауданы Қоғалы ауылында зардап шеккендерді эвакуациялау аяқталды

Ақтөбе облысындағы Қобда ауданы Қоғалы ауылында зардап шеккендерді эвакуациялау аяқталды.

Әуе қорғанысы күштері әскери институты ұшқыштарының экипажы ауылдың 68 тұрғынын ауданының орталығына көшірді. Мектепке 29 ересек адам және 37 бала орналастырылды, оның екеуі нәресте. Бұған дейін Қаратал ауылының  111 тұрғыны оның ішіндегі 36 бала қауіпсіз жерге көшірілгенін, зардап шеккендерді тікұшақпен Ақтөбе қаласына жеткізгенін айтан едік.