«Қазақтелеком» мен Air Astana жауапкершілікке тартылды
Жеке деректердің таралуына жол берген «Қазақтелеком» және «Эйр Астана» компаниялары әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Естеріңізге сала кетейік, 16 ақпанда қазақстандықтардың 2019-2022 жылдардағы жеке деректерін белгісіз біреулер жариялап жібергенін хабарлаған болатынбыз.
Цифрлық даму министрлігі осыған қатысты аудит жүргізіп, нәтижелерін жариялады.
Министрлік Ұлттық қауіпсіздік комитетімен және Мемлекеттік техникалық қызметпен бірлесіп, ақпараттық қауіпсіздіктің жай-күйіне талдау жүргізген және аталған компанияларға олқылықтарды бір жыл көлемінде жою туралы нұсқама берілді.