ҚР ТЖМ: Құтқару жұмыстары жалғасып жатыр
Су тасқыны кезінде барлығы 15,7 мың адам құтқарылып, эвакуацияланды. Адам шығыны жоқ.
Бұл туралы Төтенше жағдайлар вице-министрі Бауыржан Сыздықов Үкімет отырысында баяндады. Уақытша орналастыру пунктеріне 4,1 мың адам орналастырылған. Қазір су тасқыны қаупі бар өзге елді мекендерді су басуына жол бермеу жөніндегі алдын алу іс-шаралары күшейтілген. Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарында күрделі жағдай сақталып отыр. Министрлік барлық күші мен құралын дереу жұмылдырып, аталған аймақтарға жіберді, – деді вице-министр.