Премьер-министр: Тұрғындар құтқару жұмыстарын қиындатып отыр
Үй-жайларын тастап кеткісі келмейтін тұрғындар құтқару жұмыстарын қиындатып отыр. Олар су тасқынының ауыр зардабына сенгілері келмейді. Премьер-министр Үкімет отырысында осылай деді.
Олжас Бектенов халықты әкімдіктер мен арнайы қызметтердің хабарламаларына құлақ асуға шақырды. Сондай-ақ ол күштік құрылым қызметкерлері мен құтқарушылардың еңбегіне өз алғысын білдірді.