Түркістан облысында 58 мектеп лицензиясынан уақытша айырылды
Білім заңнамаларын бұзған басшыларға 9 миллионнан астам теңге айыппұл салынды.
Заң бұзушылықтардың дені - асханадағы санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың болмауына, 400-ге жуық педагогтың біліктілікті арттыру курстарына жіберілмеуіне және өрт қауіпсіздігі нормаларының сақталмауына қатысты. Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті осындай олқылықтарды анықтады.
Жанар Қасымова, Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің бөлім басшысы:
- Мектеп басшыларына нұсқама берілді. Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер, лицензиялау нормаларын бұзушылықтарды жоймаған жағдайда мектеп лицензиядан айырылады.