Тасқын кезінде жануарлар құтқарылды
Ақмола облысында тасыған Шағалы өзенінен 8 жылқы құтқарылды, деп хабарлайды 24KZ.
Сондай-ақ Тайтөбе ауылы маңында 3 түйе судан шығарылды. Бұл жерде елордалық құтқарушылар жұмысты жалғастырып жатыр. Тұрғындарға үй жануарларын өзен маңына жайылымға шығармау жөнінде ескертілді. Ал Шымкентте құтқарушылар қоянның еріген қар суына батқанын көріп, дереу көмек көрсетті. Сүйкімді сүтқоректі құрғақ жерге жіберілді.