Су тасқыны: 1500 сарбаз көмекке жұмылдырылды
Ұлттық ұлан сарбаздары Атырау, Ақтау, Тобыл, Құлсары тұрғындарына көмек көрсетіп жатыр, деп хабарлайды 24KZ.
Жауынгерлер жергілікті жұрт пен малды эвакуациялауға, гуманитарлық көмек таратуға атсалысты. Полиция қызметкерлерімен бірге көшелердегі қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, су арналарын аршуға жәрдем жасады. Сарбаздар су жолдарын құм салынған қаптармен бөгеп, арналарын бұрды. Балабақшалар, мектептер мен басқа да әлеуметтік нысандарды тасқыннан аман алып қалды. Тұрғындар асығыс тастап кеткен жиһаздарды, басқа да заттарды шығаруға жәрдемдесті. Қазір дүние-мүлікті күзетіп тұр. Тасқын басталғалы мың жарымнан астам сарбаз бен Ұлттық ұланның 70 әуе техникасы мен көлік құралдары тартылды.