Су тасқыны: үш мыңға жуық дәрігер тартылды

Су тасқыны басталғалы бері 80 жүкті әйел қауіпсіз жерге көшірілді, деп хабарлайды 24KZ.

Ай-күні жақындағандар ауруханаға жатқызылған. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Айгерім Оразалиева мәлімдеді. Медициналық мекемелер тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істейді. 3 мыңға жуық медицина қызметкері азаматтарға толық көмек береді. Су алған аумақтарға 300 жедел жәрдем бригадасы жұмылдырылды. Зардап шеккендерге психологиялық көмек көрсетіліп жатыр.

Айгерім Оразалиева, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі:

- Жүкті әйелдер мен балалардың жағдайына ерекше назар аударылады. Мәселен, өткен тәулікте Атырау облысы Құлсарыдан, перзентханадан 12 әйел, оның ішінде 8 перзентхана мен 5 жүкті әйел толық мерзімде медициналық ұйымдарға эвакуацияланды. 39-40 апта мерзіміндегі жүкті әйелдердің бірі жедел медициналық жәрдем көлігінде тасымалдау кезінде босанған.