Үкімет басшысы Құлсары тұрғындарымен кездесті
Олжас Бектенов табиғи апатқа тап болған Құлсары жұртшылығымен кездесті.
Үкімет басшысы азаматтардың қабылданып жатқан шаралар бойынша талап-тілегін тыңдады. Жайық және Жем өзендеріндегі ахуалды тікұшақпен барлап, жағалауды нығайту жұмыстарының барысын қадағалады. Өңірде қызыл судан 28 мыңнан аса адам құтқарылды. Төтенше жағдайға Ақтөбе облысы Ойыл ауданы жағынан Жем өзені деңгейінің көтерілуі себеп болды. Ағын суды азайту үшін жедел дарияның сағасы қазылып, жасанды бөгеттер бұзылды.