Қарағанды облысында келесі аптадан бастап өтемақы төленбек
Қарағанды облысының әкімдігі келесі аптадан бастап су тасқынынан зардап шеккендерге өтемақы төлеуді бастайды.
Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Бауыржан Асанов мәлімдеді. Оның айтуынша, зардап шеккен тұрғындарға 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде біржолдық көмек беріледі. Қазір арнайы құрылған комиссия шығынды есептеп жатыр. Ал қираған үйлерге қатысты жағдай алдағы уақытта белгілі болады. Ауылдарды су баспауы үшін облыстық маңыздағы 3 жол бұзылды. Қазір олардың екеуі қалпына келтірілген. Бұдан бөлек, 8 жолды су шайып кеткен.