Қ. Бозымбаев: Шығыстағы жағдай тұрақты
Республиканың шығысындағы аймақтарда жағдай тұрақты.
Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев елдегі су басу қаупі туралы соңғы мәліметтерді баяндағанда осылай деді. Дегенмен айдың соңына қарай Павлодар, Абай, Шығыс Қазақстан облыстарында ахуал ушыға түсуі мүмкін. Сондықтан қазір жоғары дайындық шаралар қолға алынған.
Қанат Бозымбаев, ҚР Премьер-министрінің орынбасары:
- Павлодар облысында 38 үйді су басты. Тағы 4 үй мен 1 жол бөлігі әлі қарғын су құрсауында. Ал Абай облысында 22 үй су астында қалған. Бірақ қазір ол жерлердегі суды шығарып, жерді құрғатты. Шығыс Қазақстан облысының 63%-ы әлі қар астында жатыр. Су бөгендері мен өзендерде сең жүре бастады. Қазір су деңгейінен қауіп төніп тұрған жоқ. Бірақ, сәуірдің 7-сі мен 12-сі аралығында қарға ұласатын жаңбыр жаууы мүмкін. Облыстың оңтүстік шығысындағы өзендердің деңгейі сәуірдің соңына қарай көтеріледі деген болжам бар. Күршім мен Марқакөл аудандарында су басу қаупі сақталған. Жағдай ушықса, мамандар мен күштер іске кірісуге сақадай сай тұр.