Оралда саяжайдан уақытша көшу міндеттелді. LIVE
Оралда бүгіннен бастап саяжайлардан уақытша көшу міндеттелді. Қазір жаппай эвакуациялау жұмыстары жүріп жатыр.
Еркебұлан Смадияров, тілші:
- Жайықтың жайылмасында 50-ден астам бау-бақша серіктестігі бар. Мен қазір солардың біріне келдім. Мына жерде өзен бойын жағалай құм толы қапшықтар төселген екен. Десе де бұдан қауіп беті сейіле қойды деуге келмейді. Өйткені дарияның су деңгейі көтеріліп барады. Сондықтан тұрғындарды түгел көшіру туралы шешім қабылданды.
Жағалаудағы саяжайларда 5 мыңнан астам адам тұрып келген. Тұрғындардың көбі өз еркімен қауіпсіз жерге көшті. Ал 2 мың адам мұндай шарадан бас тартқан. Қазір жаппай эвакуациялау жұмыстары басталып кетті. Тиісті жұмыстарға Төтенше жағдайлар департаменті мен Полиция департаментінің қызметкерлері жұмылдырылды. Саяжайларда газ бен жарық желілері ажыратылады.
Айта кетейік, облыстағы саяжайларда 400-ден астам үйді су басқан.