Құлсарылықтар уақытша баспанаға қоныстана бастады
Құлсарыда су басқан 3 мыңға тарта үйдің 28 мыңнан астам адамы уақытша баспанаға қоныстана бастады, деп хабарлайды 24KZ.
Бүгінде тек Атырау қаласының өзінде 56 паналау бекеті ашылып, баспанасыз қалғандарды қабылдап жатыр. Солардың бірі Құмашевтар отбасы 6 баламен 2 бөлмелі жатаханаға орналасты. Балалардың үшеуі мектеп жасында. Жатақханада барлық жағдай жасалған. Тамақ пен тұрмысқа қажетті заттарды волонтерлер жеткізіп береді. Сондай-ақ дәрігерлер ұдайы тексеріп тұрады. Жалпы бұл жатахқанада 26 адам тұрып жатыр. Оқушылар сабақты қашықтан оқиды.
Айнаш Тілепбергенова, көпбалалы ана:
- Су келіп қалды дегенде ойнап жатқан балаларды жинадық та қаштық. Дайындап қойған заттарымызды да ала алмай қалдық. Құжаттарымыз оңай жерде тұр еді, соларды алып үлгердік. Қазір жағдайымыз жақсы, бізге осы жерден 2 бөлме берді, 3 мезгіл тамағы бар, Аллаға шүкір, жақсы. Балаларымыз онлайн сабақ оқиды.