Аймақтарда құтқару жұмыстары тәулік бойы жүргізіліп жатыр
Төтенше жағдайлар министрлігінің ақпаратына сәйкес дрондармен өзендер мен су қоймаларын бақылау жүргізіліп жатыр.
Өзендерде мұз жару жұмыстары да қолға алынған. Осы күнге дейін қызыл судан зардап шеккен өңірлерге 168 тоннаға жуық гуманитарлық көмек жеткізілді. 97 мыңнан астам адам, оның ішінде 33 мыңға жуық бала құтқарылды. Уақытша орналасу пунктеріне 7,5 мыңнан астам адам көшірілді. Оның шамамен 4 мыңы – бала. 82,5 мың бас мал қауіпсіз жерге көшірілді.
Аймақтарда құтқару жұмыстары тәулік бойы жүргізіліп жатыр. Бұл бағытқа 25 мыңға жуық маман мен 3 мыңға жуық техника жұмылдырылған. «Жедел желі» телефонына 1 мың 200-дей қоңырау түсті.