Қыздар да қолына күрек алды
Жібек жолы ауылында тасқынға тосқауыл қоюға ерлермен қатар, нәзік жандылар да атсалысуда.
Олар құтқарушыларға ас-су таратып, қолдау көрсетіп жүр. Қазір аймақтағы ағынды судың алдын алу үшін 30 техника мен 95 маман және ерікті тұрғындар жұмылдырылған. Олар құм толтырылған қаптан бөгеттер салып жатыр.
Зәмзәгүл Имақова, Жібек жолы кентінің тұрғыны:
- Құтқарушылар мен ауыл еріктілері күні-түні көз ілмей жұмыс істеп жатыр. Біз де көмектескіміз келеді. Ыстық шай дайындап, бауырсақ таратып жатырмыз. Күшіміз – бірлікте, бұл қиындықты да еңсеретінімізге, ауыр күндер артта қалатынына сенеміз.