Су тасқыны кезінде ұрлыққа жол берілген жоқ

Тәртіп сақшылары табиғи апаттан зардап шеккен 43 елді мекен мен 9 мыңнан астам тұрғын үйді қорғауға алды.

Қараусыз қалған мүлікті күзету барысында ұрлық-қарлыққа жол берілген жоқ. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің өкілі Ақтоты Боранова айтты. Қызметкерлер тұрғындардың қауіпсіздігіне квадрокоптерлердің көмегімен бақылау жүргізеді. Қажет болған жағдайда эвакуациялайды. Қазіргі таңда азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тәртіп сақшылары күшейтілген режимде қызмет атқаруда.

Ақтоты Боранова, ҚР ІІМ өкілі:

- Қызметкерлер тұрғындардың қауіпсіздігін, олардың мүлкінің сақталуын қамтамасыз етеді. Квадракоптерлердің көмегімен бақылау жүргізеді. Қажет болса, тұрғындарды эвакуациялайды. Су тасқыны салдарынан қаңырап қалған елді мекендерде тәулік бойы кезекшілік етеді. Эвакуациядан кейін күн сайын еріген қар суы басқан үйлермен учаскелерді патруль дейді.