Шыңғыс Әрінов Атырау облысына барды
Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов Атырау облысына барды.
Өңірдегі ахуалды бақылап, Жылыой және Махамбет аудандарына қосымша техника жеткізуді тапсырды. Қазір аймақта су тасқыны салдарын жою белсенді түрде жүріп жатыр. Табиғи апат басталғалы 98 мың адам эвакуациялады. Оның 33 мыңы бала. Уақытша орналастыру пункттерінде 7 мың адам орналастырылды.