Су тасқыны кезінде құтқарушы сәбилі болды
Ақтөбе облысында су тасқыны кезінде құтқарушы сәбилі болды, деп хабарлайды 24KZ.
Ойыл ауданының өрт сөндіру бөлімінде қызмет атқаратын Асқар Құсайынов перзентханадан шыққан әйелі мен қызын қайықпен күтіп алды. Өйткені ауылға тура жол болмаған. Олар үйіне аман-есен жетті. Дәрігерлердің айтуынша, ана мен сәбидің жағдайы жақсы. Отағасы өңірдегі тасқынға тосқын шараларының бел ортасында жүр.