Шет ауданында зардап шеккен отбасылар баспаналы болды

Шет ауданында су тасқынынан зардап шеккен 5 отбасы баспанамен қамтылды.

Жергілікті халыққа мемлекет тарапынан қаражат бөлініп, елді мекендегі өздері таңдаған үйді алып берді. Оған қоса 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек және бүлінген мүлік үшін өтемақы төленді. Мал шығыны толық өтелді. Өлген мал жойылды. Ал апатты деп танылмаған 54 үйде жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарда бар. Елді мекендегі жолдар қалпына келтіріліп жатыр. Су басқан ауылдардағы, құдықтар мен ұңғымалар толық тексеріледі. Апта соңына дейін дезинфекциялық шаралар атқарылады.

Айжан Қашкенбаева, Шет ауданының тұрғыны:

- Компенсация басында единовременный берді ғой. Соған түсті 360 мыңдай. Одан кейін шығын бәрін есептеді, техника, ағаш кесетін сайман болған. Ол да суға кетті. Соның бәрінің шығынын өтеді.

Гүлбарам Ақтаева, Шет ауданының тұрғыны:

- Жақсы беріліп жатыр. 2-3 миллионнан ақша беріліп жатыр. Халыққа жақсы көмектесіп жатыр. Бұдан да жаман болып жатқан ауылдар бар, оған қарағанда біздікі тәубәшілік. Адам шығыны болған жоқ, мал шығыны болды енді

Ақмарал Мусина, Шет ауданының тұрғыны:

- Үй алып береді деп ондай тез арада күткен жоқпыз. Ұнатқан үйімізді алып беріп жатыр. Төрт бөлмелі үй. Огороды бар, мал қорасы бар.