Түркістан облысында 31 мың көшет егілді
Тазалық – жинаған жерде емес сақтаған жерде.
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы Түркістан облысының Төлеби ауданында да жалғасты. Тұрғындар шараға бір кісідей атсалысып, 31 мыңға жуық көшет отырғызды. Арық-атыздар, көшелер мен аулалар тазартылып, атқарылған жұмыстардың нәтижесінде 150 тонна күл-қоқыс полигонға жеткізілді. Қураған ағаштар бұталып, талдардың түбі әктелді. «Таза өлке» апталығына қатысқан аудан басшысы бұл бір реттік науқан емес, тұрақты ел назарындағы басты мәселеге айналуы тиіс екенін атап өтті. Әсіресе жастар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастырып, қоршаған ортаны таза ұстауды дағдыға айналдырудың маңыздылығына тоқталды. Шараға мың жарымға жуық адам жұмылдырылды.
Мәди Нәбиев, самбо күресінен əлем чемпионы, жаттықтырушы:
- Өзіміздің туған өлкемізді өзіміз аялап, өзіміз қастерлеп, өзіміз бағалап, өзіміз құрметтемесек, басқа ешкім құрметтемейді. Сондықтан бәріміз атсалысып, табиғатымыздың көркеюіне, гүлденуіне үлес қосайық.