Отбасындағы зорлық-зомбылық үшін жауапкершілік қатаңдады

Мемлекет басшысы Әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған заңдарға қол қойды.

Құжат қызу талқыдан өтіп, оған түзету енгізу жұмыстарына қоғам мүшелері белсенді қатысты. Нәтижесінде әйелдер мен балаларға жасалған кез келген зорлық-зомбылық үшін жауапкершілік қатаңдады. Отбасы институтын, кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін нығайтатын нормалар енгізілді.

Заң үш мақсатқа жетуге мүмкіндік береді. Біріншіден, әйелдер мен балалар құқығын қорғауға қосымша тетіктер пайда болды. Екіншіден, тұрмыстық-зорлық зомбылық үшін қылмыстық жауапкершілік жүктеледі. Үшіншіден, отбасылық жандал салдарынан қиын жағдайға душар болғандарға әлеуметтік әрі психологиялық қолдау көрсетіледі.

Жұлдыз Сүлейменова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Бұл Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың заң және тәртіп қағидатын орнықтыру мақсатында, сонымен қатар қоғамдағы кез-келген құқықбұзышылыққа, оның ішінде отбасылық зорлық-зомбылыққа байланысты жазаны күшейту мақсатында Мәжіліс депутаттарының бастамашылдығымен әзірленді. аңға Мәжілісте 60-тан астам жұмыс тобы мүшелері қатысты, оның ішінде халықаралық деңгейдегі қазақстандық құқық қорғаушылар, phd докторлары, сарапшылар, сонымен қатар бала құқықтары жөніндегі уәкіл институтының өкілдері, ұлттық құрылтайдың және әйерлердің құқығын қорғап жүрген заңгерлер, барлық азаматтар қатысты.

Бұрын құқық бұзушылар әкімшілік жазамен құтылатын. Енді қылмыстық кодекс аясында жауапкершілікке тартылады. Денсаулыққа қасақана орташа ауыр немесе ауыр зиян келтіргендер бас бостандығынан айырылады. Ал педофилдер өмір бойы темір торға тоғытылады. 16 жасқа толмағандарға жыныстық сипатта тиіскендер қылмыстық жазаға тартылады.    

Айман Омарова, адвокат /Алматы:

- Бұл жерде бұл бір қадам деп айтсақ болады негізігде. Қазіргі таңда ең маңызды мына осындай тұрмыстағы зорлық-зомбылықты тоқтатпасақ, әрине осындай заңдардың негізімен тоқтатудың бір жолы деп айтсақ болады. Сонда мүмкін аса ауыр қылмыстар төмендейма деп ойлаймын.  Себебі соның салдарынан аса ауыр және ауыр қылмыстар жасалып жатыр.    

Жаңа заңда баланы күштеп тартып алу немесе ата-ана құқығынан айыру туралы ешбір норма жоқ. Бала құқықтары жөніндегі уәкіл қиын жағдайға тап болған жанұяларға көмек беру үшін қажетті инфрақұрылымды дамытамыз, - деді.

Динара Зәкиева, ҚР бала құқықтары жөніндегі уәкілі /Астана:

- Заң жобасы күш көрсетуге жол бермеу мәдениетін қалыптастыруға бағытталғанын ерекше атап өткім келеді. Бала – бұл тұлға. Оны ешбір жағдайда ұрып-соғуға болмайтынын білуіміз керек. Ал балаға қол көтеру – тұлғаға қарсы жасалған қылмыс. Осыны негізге ала отыра аталған заң жобасын іске асыруымыз қажет.

Заңның жүзеге асырылуы – қоғам тарапынан бақыланады. Алдағы уақытта тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайларының алын алып, адамның адамға озбырлық жасауына жол бермеу керек. Себебі, дамыған, құқықтық мемлекет қалыптастыру жолында бұл қадамдар маңызды.

Авторы: Рухани Асқар