Ырғыз ауданына гуманитарлық көмек жеткізіліп жатыр

Ақтөбе облысында бірнеше ауылдарын су басқан Ырғыз ауданына қарқынды түрде гуманитарлық көмек жөнелтіліп жатыр.

Тек соңғы он күн ішінде азық-түлік және тұрмысқа қажетті заттардан өзге, қайық, су сору құралдары және етіктерден құралған 30 тонна көлемінде жүк жеткен. Бүгінде Торғай өзенінің тасуынан ауданның Нұра және Мамыр ауылдарына су кіріп, оннан астам үйді басып қалған. Ал тұрғындары Ырғызға эвакуацияланып жатыр. Сондай-ақ, Белшер, Тәуіп және Жайсаңбай елді мекендеріндегі жағдай да жіті бақылауда. Себебі, қарғын судан қауіп бар. Сондықтан бүгін мұнда 70 әскери қызметші қосымша көмекке келді. Ал облыс бойынша төтенше жағдай режимі жарияланған алты ауданға гуманитарлық көмек тұрақты жетіп тұр. Ақтөбенің суға кеткен бау-бақша ұжымдары да басты назарда. Жалпы, облыс әкімдігі қызметкерлерінің айтуынша, қолдау көрсетуші жомарт жандардың қатары күн өткен сайын көбейіп келеді.

Ләззат Оразбаева, облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары:

- Ақтөбе қаласына екінші берілетін көмекті қазір жабдықтауды бастап жатырмыз. Өйткені Ақтөбе қаласында халық көп. Содовоческий коллективтің өзі 100-ден асады. Ол жерлерге қазір бізге жатын төсектер керек. Көмек көрсетем деген азаматтарға. басқа  региондардан да біз тек қана матрац, көпшік-көрпе сұрап отырмыз.