Қ. Бишімбаев пен Б. Байжановқа қатысты 12-ші сот отырысы өтіп жатыр
Елордада Қуандық Бишімбаев пен оның бөлесі Бақытжан Байжановқа қатысты 12-ші сот отырысы өтіп жатыр, деп хабарлайды 24KZ.
Бүгін судья Айжан Күлбаева айыпталушының адвокаттары берген ресейлік сараптама қорытындысы қаралып жатқан істен алынып тасталатынын айтты. Онда Салтанат Нүкенова «оқиға болған күнгі Бишімбаевтың соққысынан емес, 3-4 апта бұрынғы өзінің жарақатынан қайтыс болуы мүмкін» деген қорытынды жасаған. Ал ол отандық сарапшылардың тұжырымдамасына қарама-қайшы, яғни сәйкес келмейді. Судьяның айтуынша, адвокаттар өз бетінше сараптама жасатып жатқанын сотқа уақытылы хабарламаған. Сондықтан ол істен алынып тасталады.