Ұлытау облысында су басқан 6 үй апатты деп танылды
Ұлытау облысында тасқын кезінде су басқан 22 үйдің алтауы апатты деп танылды, деп хабарлайды 24KZ.
Ал қалғандарына күрделі жөндеу жүргізіледі. Тасқыннан келген шығынды анықтау бойынша құрылған комиссия осындай шешім шығарды. Салынатын 1 үйдің ауданы 80 шаршы метр, ал құны 22 млн теңгеден аспауы тиіс. Бұдан бөлек, төтенше жағдай кезінде тек аулаларына су кірген отбасылардың да шығындары өтеледі. «Төрт түлігіміз суға ағып кетті» деген тұрғындардың да өтініштері қабылданып жатыр.
Ұлантай Үсенов, облыс әкімінің орынбасары:
- Сол аймақтан не жаңа үй салып беру мүмкіндігі немесе осы облыс төңірегінен үй сатып алғысы келе ма, сондай ұсыныс білдіреміз. Қазір соған жұмыс жүргізіп жатырмыз. Азаматтармен келісімге келіп жатырмыз, жаңағы үйлері қалпына келтіруге жарамайтын тұрғындармен. Олар – 6 тұрғын. Ал күрделі жөндеу бойынша ол белгілі. Күрделі жөндеу жүргізіледі. Құны бәрі анықталған, қандай жұмыс қажеттігі анықталған қазіргі таңда.