Қарағанды облысында ескерткіштер аумағы тазаланды
Қарағанды облысының тұрғындары өздері тұратын мекенжай аумағы мен ескерткіштер маңайын тазалап жатыр, деп хабарлайды 24KZ.
Экологиялық акцияның «Киелі мекен» деп аталатын бұл апталығы тарихи-мәдени орындарда сенбілік өткізуге арналған. Еріктілер Қарағандыдағы «Мәңгілік алау» мемориалы мен Теміртаудағы «Белгісіз сарбаз» ескірткішін жуып, ағаштардың түбін әктеп, маңайдағы қоқысты жинады. Жастармен бірге еңбек ардагерлері де сенбілікке шықты.
Жеңісбек Сүйіндіков, қала тұрғыны:
- Қаланы тазалап жүрген жастарымызға рақмет! Қаламыздың, үйлеріміздің, осындай қоғамдық жүмыстардың таза болғаны жақсы ғой. Қарағандымыз үлкен абыройлы, таза қала болған. Лайым таза шаһар болып қалсын.