СҚО-да көмек жинау туралы жалған хабарландырулар көбейді
Солтүстік Қазақстан облысында тасқыннан зардап шеккен тұрғындарға көмек жинау туралы әрбір үшінші хабарландыру – жалған.
Бұл туралы Полиция департаменті хабарлады. Олардың айтуынша, қазір түрлі месенджерлерде чаттар құрылып, ақша сұрайтындар көбейіп кеткен. Өкінішке қарай, осындай қиын сәтті пайдаланып оңай олжа табамын деушілердің қатары күн сайын артып барады. Осыған байланысты криминалдық полиция әлеуметтік желілерді бақылауға алып, көмек туралы барлық ақпаратты тексеріп жатыр.
Нұрбек Баекин, ПД баспасөз қызметінің аға инспекторы:
- 3 күн ішінде 6 үлкен чатта 50-ге тарта жалған хабарландыру анықталды. Олардың арасындағы көмек туралы әр үшінші хабарландыру жалған болып шықты. Хабарландырулар жойылды. Авторлардың чаттардағы нөмірлері бұғатталды.ф