Құтқару жұмыстары. Графика
Төтенше жағдайлар министрлігі таратқан мәліметтерге тоқтала кетейік.
Кешенді іс-шаралардың нәтижесінде 19 мыңға жуық адам өз үйлеріне оралды. Су тасқыны басталғалы 117 мыңнан астам адам, оның ішінде 44 мыңға жуық бала қауіпсіз жерге көшірілді. Солтүстік Қазақстан облысында медициналық қызмет көрсету үшін 3 науқасты тасымалдауға көмек көрсетілді. 62 тонна гуманитарлық көмек жеткізілді. Ақтөбе облысында Кұйлыс және Нұра ауылдарынан Ырғыз ауылына тікұшақпен 201 адам уақытша орналастыру пункттеріне эвакуацияланды, Белшер ауылына 1 тонна гуманитарлық көмек жеткізілді. Батыс Қазақстанда Орал қаласының саяжай алқаптарынан 22 адам эвакуацияланды, олар туыстарының үйлеріне орналастырылды. Қостанай облысында Байтұрсынов ауылынан Торғай ауылына 2 тонна гуманитарлық көмек жеткізілді.