Петропавлға гуманитарлық көмек жеткізілді
Солтүстік Қазақстан облысына жан-жақтан келіп жатқан гуманитарлық көмек легі толастар емес, деп хабарлайды 24KZ.
Бұл жолы Петропавлға Қаржылық мониторинг агенттігі мен Астана қаласы әкімдігі атынан 60 тонна жүк жеткізілді. Оның ішінде ауызсу, азық-түлік, көкөніс, төсек-орын жабдықтары мен тағы басқа заттар салынған. Енді олар қала-аудандарда құрылған қабылдау орындарына жөнелтіліп, тасқыннан зардап шеккен тұрғындарға теңдей таратылатын болады. Облыс орталығында осындай 3 пункт жұмыс істейді.
Асқар Балағазин, СҚО бойынша Экономикалық тергеу департаменті басқармасының бастығы:
- Солтүстік Қазақстан облысының бірқатар аудандарын су басып өтіп жатыр. Мына біздің қаржы мониторингі агенттігі және Астана қаласының әкімшілігіне көп рақметімізді айтамыз. Себебі осындай судан тапшылық кезінде 60 тоннадан астам гуманитарлық көмек жіберіп жатыр Солтүстік Қазақстан облысына. Өте күрделі жағдай. Бірақ барлығымыз біргеміз.