Браконьерлерден 3,5 тонна балық тәркіленді
Жайық-Каспий бассейнінде браконьерлерден 3,5 тонна балық тәркіленді, деп хабарлайды 24KZ.
Оның 800 келісі бағалы бекіре тұқымдастарына жатады. Табиғат қорғау заңдылығын бұзған 160 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Еске сала кетейік, 1 сәуір мен 31 мамыр аралығында еліміздің батыс өңірінде «Бекіре-2024» акциясы жүріп жатыр. Оған Атырау, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарындағы құқық қорғау органдары жұмылдырылған.
Рүстем Қорқытов, Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының баспасөз хатшысы:
- Браконьерлік және тұқымы жойылып бара жатқан балық түріне қатысты заңсыз әрекет жасаған тұлғаларға қатысты 19 қылмыстық іс қозғалды. Құқық бұзушыларға 5,9 млн теңге айыппұл салынды.