Жайықтан он бір елді мекенге қауіп төнді
Батыс Қазақстан облысында 11 ауылға Жайықтан қатер төніп тұр.
Бұл елді мекендер су басу қаупі бар аумақтарда орналасқан. Төтенше жағдайлар министрлігі әр ауылды аралап, үйінді бөгеттердің жай-күйін тексерді. Шыңғыс Әрінов Бөрлі, Январцево, Рубежинское, Озерное, Володарское, Байқоныс, Жайық және басқа да елді мекендерде болды. Су тасқыны басталғаннан бері өңірде 100 шақырымнан астам қорғаныс бөгеттері салынды.
Олжас Абдрахман, БҚО Бәйтерек ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы:
- Қазіргі уақытта гидрометтік көрсеткіш бойынша 9 метр деңгейде тұр Жайық өзенінің деңгейі. Бұл жағалауды күшейту жұмыстары осы жылдың наурыз айының аяғынан бастап жүргізілді. Қазіргі күнге дейін жалғастыруда. Біздің жігіттер күні түні кезекшілікте. Қай жерде қауіп бар, сол жерден бәрін қарап жұмысқа жұмылдырылады.