Солтүстікте су тасқынының алғашқы толқыны өтті
Қазір теріскейдегі ахуал тұрақталды. Мамандар тасқынның бірінші толқыны сейілгенін айтады.
Ал екінші толқында, су деңгейі соншалықты үлкен болмайды. Дегенмен, Пок-ровка ауылындағы Есіл өзенінің деңгейі 22 см-ге көтерілді. Әзірге облыс орталығындағы көрсеткіш 10 см-ге, Ресеймен шекаралас Дол-матово ауылында 7 см-ге төмендеген. Бірақ әлі 3223 үй су астында қалды. Қауіпсіз жерге көшірілген 15 мыңға жуық адамның 700-і ғана баспанасына оралды. Аймақта 26 эвакуациялық орын жұмыс істеп тұр. Апаттың салдарын жоюға Астана, Түркістан, Қарағанды, Павлодар, Ұлытау, тағы басқа өңірлердің құтқарушылары қолғабыс етіп жатыр.
Айбек Әмірәлі, Түркістан облысының ЖҚЖ бас құтқарушысы:
- Қызылжар ауданы Большая малышка ауылындамыз. Бұған дейін біз Уалихановка ауданында, Шалақын ауданында, Петропавл қаласында іздестіру-құтқару және эвакуациялау жұмыстарын жүргіздік. Жұмыс жүргізу кезінде қиындықтар туындады. Олар ауа райы және күндіз-түні тоқтаусыз жұмыс жасадық. Сонымен қатар бізде эвакуациялық-құтқару жұмыстары кезінде жергілікті тұрғындар қарсылық танытты және де сенбеушіліктер болды. Оның бәрін алдын алып, жұмысымызды жалғастырдық.