Алыс ауылдарға көмек жіберу үшін Америкадан дрон әкелінді
Атырауда тасқын судан зардап шеккендерді гуманитарлық көмекпен қамтамасыз ету үшін 3 дрон жеткізілді.
Құрылғылар Америкадан алынған. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин айтты. Мамандар төтенше жағдай қызметкерлерімен бірлесіп, ең шалғай және көлік қатынасынсыз қалған елді мекендерге азық-түлік, дәрі-дәрмек және басқа да заттарды тасымалдауға дайын. Сонымен қатар бұл дрондар арқылы су сынамаларын алуға болады, дейді министр.