Ақтөбе облысында судан келген шығын есептеліп жатыр

Торғай өзені тасып, Ақтөбе облысында үш ауылға су кірді.

Нұра, Мамыр және Белшер елді мекендерінде 81 үй су астында қалған. Ал тұрғындары Ырғыз ауданының орталығына жеткізілді. Бұдан бөлек тағы екі ауылға қауіп төніп тұр. Мамандар су деңгейін өлшеп, күні-түні бақылап отыр. Жалпы аудан бойынша мыңнан астам адам эвакуацияланды. Бұған дейін төтенше жағдай режимі жарияланған бес аудан мен облыс орталығындағы жағдай тұрақтала бастады. Қарғын судан келген шығын есептеліп жатыр.  

Әлішер Сарбаев, облыстық ТЖД бөлімінің бас маманы:

- Қазіргі уақытта бізде Құйылыс, Жайсаңбай ауылдарына қауіп әлі төніп тұр. Өйткені осы елді мекендер Ырғыз және Торғай өзендерінің бойында орналасқан. Қазіргі уақытта күш-құралдар жағалауды нығайту және қорғаныс бөгеттерінің екінші линиясын салу, қорғаныс бөгеттерді нығайту жұмыстары атқарылып жатыр.